19 Ақпан 2026, 05:18
Фото: Сали Сабиров
Шорт-трекші Денис Никиша 7-орынға тұрақтап, жеке рекорд орнатты
Бұл – Никишаның мансабындағы төртінші Олимпиадасы.
Миланда өткен XXV қысқы Олимпиада ойындарында қазақстандық шорт-трекші Денис Никиша 500 метр қашықтықта жалпы есепте 7-орынға ие болды. В финалында ол 41,948 секунд нәтижесін көрсетіп, халықаралық деңгейдегі жаңа жеке рекордын тіркеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Никишаның жарыстағы жолы тартысты өтті:
- ширек финалда үшінші болып келіп, уақыт көрсеткіші бойынша келесі кезеңге өтті;
- жартылай финалда өте тығыз бәсекеде төртінші орын алып, әлем чемпионаттарының жүлдегерлері мен Олимпиада чемпиондарынан бірнеше миллисекундқа ғана қалып қойды;
- В финалында Олимпиада чемпионы Шаоан Лю-ге есе жіберіп, екінші нәтиже көрсетті.
Айта кетейік, бұл – Никишаның мансабындағы төртінші Олимпиадасы.
Қазақстанның тағы бір өкілі Абзал Әжіғалиев жарысты ширек финалда аяқтады. Ол өз тобында бесінші орын алды.
Әжіғалиев те қатарынан төртінші Олимпиадасына қатысып, әлемдік спринтерлер элитасының қатарында екенін дәлелдеді. Алдыңғы Олимпиадада ол жүлдеге бір қадам жетпей, төртінші орын иеленген еді. Бұл көрсеткіш шорт-тректен Қазақстан тарихындағы үздік нәтижелердің бірі болып саналады.