Шорт-трек: Үш қазақстандық спортшы Азия ойындарының жартылай финалына шықты
Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы Азия ойындарында шорт-тректен жарыстар басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ұлттық олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.
Әйелдер арасындағы 1500 метр қашықтықта Қазақстан құрамасының үш спортшысы жартылай финалға жолдама алды.
Алина Әжғалиева, Мадина Жанбусинова және Ольга Тихонова ширек финалдық кезеңді сәтті аяқтап, келесі кезеңге өтті.
Жартылай финал мен финалдық бәсекелер 8 ақпанда өтеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Боранда қалған шетел азаматтары құтқарылды
Келесі жаңалық
Ақтауға вейптерді заңсыз әкелген шетелдік азамат сотталды
Өзгелердің жаңалығы