Шорт-трек: Италиядағы турнирде ел қоржынына екі алтын түсті

Қазақстан құрамасы шорт-тректен Италияның Бормио қаласында өткен Alta Valtellina Trophy халықаралық турнирінде үш медаль жеңіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ұлттық олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.

Нәтижесінде біздің құраманың қоржынында екі алтын, бір күміс медаль бар. Нұртілек Қажығали 1000 метр қашықтықтағы жарыста жеңімпаз атанды.

Сондай-ақ ерлер командасы эстафетада үздік нәтиже көрсетіп, турнирді бірінші орынмен аяқтады.

500 метр қашықтықта Валерий Клименко күміс медаль иеленіп, екінші нәтиже көрсетті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: olympic.kz
Өзгелердің жаңалығы