Шорт-трек: Әйелдер құрамасы әлем чемпионатында төртінші орын алды
Шорт-тректен Бейжіңде (Қытай) өтіп жатқан әлем чемпионатында әйелдер эстафетасының А финалдық жарысы аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ұлттық олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.
Қазақстан құрамасы бұл бағдарламада төртінші нәтиже көрсетті. Шешуші жарыста ел намысын Яна Хан, Малика Ермек, Алина Ажғалиева және Ольга Тихонова қорғады.
Жарыста Канада құрамасы жеңіске жетті. Екінші орынды Польша иеленсе, Нидерланд спортшылары қола жүлдеге қол жеткізді.
Айта кетейік, бұған дейін Денис Никиша 500 метр қашықтықта күміс медаль жеңіп алған болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жауын-шашын, тұман: 16 наурызға арналған ауа райы болжамы
Келесі жаңалық
Наурызнама: Бүгін – Шаңырақ күні
Өзгелердің жаңалығы