Шоранов медициналық көмектің дамуы туралы айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің Денсаулық сақтау министрлерінің бесінші кеңесінің жұмысына қатысуда.
Бұл турал Денсаулық сақтау министрлігінің баспасө қызметі хабарлады.
Жиналыста сөз сөйлеген Марат Шоранов денсаулық сақтау қызметтеріне жалпыға бірдей қол жеткізу қағидаты басым екенін, ал қолжетімді және сапалы медициналық көмекті қамтитын денсаулыққа құқық адамның негізгі құқықтарының бірі болып табылатынын атап өтті.
Ол Қазақстан "Дені сау ұлт" ұлттық жобасын іске асыра отырып, медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасына ерекше назар аударатынын атап өтті.
Бірінші вице-министр кеңеске қатысушыларды үздіксіздік пен сабақтастық негізінде ҚР медициналық-санитарлық алғашқы көмекті дамыту, ауруларды басқару бағдарламасын енгізу, жылжымалы медициналық кешендер мен ауылдық медицина жұмысы туралы хабардар етті.
Сондай-ақ, М.Шоранов Денсаулық сақтау ұйымдарын қажетті IT-инфрақұрылыммен қамтамасыз ету туралы хабарлады.
Цифрлық денсаулық сақтауға көшудің арқасында мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының медициналық құжаттаманы қағазсыз жүргізумен қамтылуы 100% деңгейге жетті, емханалардағы кезек 2 есеге қысқарды", - деді Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі.
Ол 2018 жылдан бастап Қазақстан МСАК-ты трансформациялау бойынша айтарлықтай жұмыс атқарғанын, көпбейінді командалардың тәсілдері жетілдірілгенін атап өтті. Күш-жігер үздік тәжірибе орталықтарына бағытталған. Бүгінде ел бойынша олардың саны 17-ге жетті.
Қазақстан МСАК-тың маңызды рөлін қолдай отырып, елдер арасында тәжірибе алмасуға және қолда бар білімді беруге ықпал етуге ұмтылады. Алматы облысында ДДҰ өңірлік бюросының қолдауымен МСАК көрсету алаңы іске қосылды. Алаң Еуропалық аймақ елдері үшін МСАК деңгейінде заманауи инновациялық технологиялар мен шешімдерді қолдануда тәжірибе және жетістіктермен алмасуға арналған. Осы алаңда өзбек медициналық мамандарының алғашқылардың бірі болып оқығаны қуантады. Біз серіктестікке және сындарлы өзара іс-қимылға дайынбыз!"- деп мәлімдеді Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі.
Сонымен қатар, ол ҚР-да қазақстандық пациенттердің шетелге емделуге бармай-ақ, ел ішінде емделуіне ғана емес, сондай-ақ шетелдік азаматтарды Қазақстанға жоғары технологиялық медициналық көмек алу үшін шақыруға мүмкіндік беретін барлық жағдай жасалғанын хабарлады.
Қазіргі уақытта Қазақстанда жоғары технологиялық медициналық көмектің 80 түрі бойынша Халыққа қолжетімділік қамтамасыз етілген. Елімізде ядролық медицина орталығы, қатерлі ісіктерді емдеуге арналған 2 Томотерапия орталығы және "Гамма-пышақ" кешені жұмыс істейді.
Шетелдік пациенттер арасында ең танымал қызметтер тізімінде экстракорпоралдық ұрықтандыру, стоматологиялық қызметтер бар.
Медицинаның бірқатар бағыттары халықаралық деңгейде табысты бәсекелесе бастады. Біздің орталықтар Орталық Азия өңірінде жетекші орталықтарға айналды, олар медициналық қызмет көрсету сапасы мен деңгейінің әлемдік стандарттарына сәйкес келеді, - деп атап өтті М.Шоранов.
Баяндаманың соңында ол кеңесті ұйымдастырушыларға алғыс айтып, қатысушыларға азаматтардың денсаулығын сақтау игілігі үшін жемісті жұмыс тіледі.