Шопан, жүргізуші, механик: Тоқаев Жамбыл облысының жұмысшыларын марапаттады

Президент Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Құрмет» орденімен «Жасыл Ел-Тараз» ЖШС гидротехнигі Мағауия Өтелбаев, «Жылы бұлақ - Меркі» ЖШС аға шопаны Бейсенбек Сарбасов, ал үшінші дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен «Жамбыл электр жүйесі» ЖШС Жамбыл ауданы электр желілерінің электр монтері Марат Байділдаев, «Бурное сүт компаниясы» ЖШС жүк көтергішінің жүргізушісі Бақытбек Байтұрсынов, «Talas Investment Company» ЖШС сорғы қондырғылары машинисі Садуақас Өтениязов, «Мерке ірімшік зауыты» ЖШС дәнекерлеушісі Андрей Пичиневский, «Жасыл Ел Тараз» ЖШС учаске аула сыпырушысы Жұмабек Сағындықов, «Фабрика ПОШ-Тараз» ЖШС автотиеуіш жүргізушісі Елубай Сәтбаев және «Казфосфат» ЖШС «Минералды тыңайтқыштар» Тараз филиалының слесары-жөндеушісі Райм Туранов марапатталды.

Сондай-ақ «Ерен еңбегі үшін» медалін «Мерке ет комбинаты» ЖШС мал дәрігері Сайлаубек Жолымбеков, «Т.И. Батуров атындағы Жамбыл ГРЭС-і» АҚ энергоблок машинисі Андрей Голубцов, «Ali-Ko Sut 2023» ЖШС бас технологі Татьяна Жуковская, «Рысбаева и Ко» ЖШС баспагері Нұрталап Қожамқұлов және «Амир и Д» ЖШС технологі Шынар Сүгірбаева иеленді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы