Шөп аз, жаңбыр жоқ: Мамырда құрғақшылық күтіп тұрған өңірлер аталды
Биыл мамырда еліміздің бірқатар өңірінде құрғақшылық болуы мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Биыл мамырда еліміздің бірқатар өңірінде құрғақшылық болуы мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
"Қазгидромет" РМК-ның болжамы бойынша, мамыр айында Қазақстанның 11 облысында құрғақшылық қаупі бар. Орташа құрғақшылық келесі өңірлер мен аудандарда тіркелуі ықтимал:
Қостанай облысы – Амангелді, Жангелді аудандары және Арқалық қаласының маңайы;
Батыс Қазақстан облысы – Қазталов, Жәнібек, Жаңақала, Ақжайық аудандары;
Ақтөбе облысы – Шалқар ауданы;
Атырау облысы – Құрманғазы және Исатай аудандары;
Қарағанды облысы – Ақтоғай мен Шет аудандары;
Алматы облысы – Балқаш ауданы;
Жетісу облысы – Алакөл ауданы;
Жамбыл облысы – Мойынқұм ауданы;
Түркістан облысы – Сузақ ауданы;
Маңғыстау облысы – Бейнеу, Маңғыстау, Қарақия аудандары;
Қызылорда облысы – Арал, Қазалы, Қармақшы, Шиелі аудандары мен Қызылорда қаласы.
Ал қалған аймақтарда топырақтағы ылғалдылық деңгейі қалыпты болады деп күтілуде.