Кеше 2026, 23:55
Фото: Скриншот
Шомылуға арналмаған жерде суға түскен: Жітіқарада әйел өзенге батып кете жаздады
Құтқарушылар жедел әрекет етіп, әйелді жағаға аман-есен шығарып, полиция қызметкерлеріне тапсырды.
Қостанай облысының Жітіқара қаласында Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары Шортанды өзенінде батып бара жатқан әйелді құтқарып қалды.
Оқиға кешкі уақытта профилактикалық рейд кезінде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, 1990 жылы туған әйел шомылуға арналмаған жерде суға түсіп, жағалаудан шамамен 50 метрге дейін жүзіп кеткен. Кейін өздігінен кері қайта алмай, көмекке мұқтаж болған.
Құтқарушылар жедел әрекет етіп, әйелді жағаға аман-есен шығарып, полиция қызметкерлеріне тапсырды. Оған медициналық көмек қажет болған жоқ.
Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды тек арнайы жабдықталған жағажайларда ғана шомылуға, тыйым салынған орындарға суға түспеуге және судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырды.