Шомылу маусымы қалай өтіп жатыр
Павлодар облысында шомылу маусымы кезеңінде рейдтік шаралар күшейтіліп, заңбұзушылықтар анықталып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің тілшісі.
Облыстық ТЖД азаматтық қорғаныс басқармасының офицері Темірлан Жапалбайдың мәліметінше, шомылу маусымы басталғалы профилактикалық шаралар күшейтілген. Жұмыстар халықа судағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірумен шектелмейді. Оқушыларды қауіпсіздік дағдыларына үйрету шаралары да басты назарда.
Бақытты балалық шақ» бағдарлама барысында балалар судағы қауіпсіздік ережелері, өрт сөндіру тәсілдері және құтқару құралдарымен танысады. Сонымен қатар, департаменттің жеке құрамы мен білім беру басқармасының өкілдерімен бірге тәжірибелік шаралар өткізіледі. Рейд барысында су айдындарында қауіпсіздік ережелерін бұзу бойынша 49 хаттама толтырылды. Сонымен қатар, орталық және Усолка шағын ауданындағы жағажайлар тексеріліп, олқылықтар анықталды. Нақтырақ айтқанда, қалытқылардың саны жеткілкісіз және құтқару жейделері жеткіліксіз болып шықты. Қазіргі уақытта бұзушылықтарды жою жұмыстары жүргізіліп жатыр, - дейді Темірлан Жапалбай.
Мамандардың айтуынша, тұрғындардың көбі рұқсат етілмеген жерлерде шомылуды әдетке айналдырған. Ересектер арасында балаларын су айдындарында қараусыз қалдыру деректері де тіркелуде.
Айта кетейік, шомылу маусымы кезеңінде сегіз адам суға кетті. Олардың екеуі - бала. Облыстық су айдындарында 100-ден астам қауіпті орын анықталып, 45 арнайы белгі анықталған. Дегенмен, қауіпсіздік ережелерін елемейтіндер азаймай тұр. Осы уақытқа дейін бас-аяғы бес мыңнанн астам рейдтік тексері ұйымдастырылған.
Жалпы, өңірде 47 ресми шомылу орны бар.