Шомылу кезіндегі қауіпсіздік ережелерін білесіз бе?

Шомылу маусымы басталғалы суға батып кету жағдайлары жиілейді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мамандардың қауіпсіздік шараларын сақтау туралы өтініштеріне құлақ аспаудың салдары қайғылы аяқталып жатады. Осы орайда ҚР ТЖМ шомылу кезінде қауіпсіздік ережелеріне мән беру керектігін тағы еске салды.

- Тек рұқсат етілген және жабдықталған орындарда шомылыңыз;

- балаларды қараусыз қалдырмаңыз, оларды тоғанға жалғыз жібермеңіз;

- тәуекелге бармаңыз, жағалаулардан, жартастардан, жүзу орындарынан сүңгудің соңы жақсылыққа апармайды;

- алкогольдің әсерімен шомылуға қатаң тыйым салынады;

- судың жанында демалып жатқанда, өзіңіздің әл-ауқатыңызды бақылаңыз, өйткені оның нашарлауы көбінесе суда адамдардың өліміне әкеледі. Бас айналу, сананың жоғалуы, құрысулар осындай қайғылы нәтижеге әкелуі мүмкін;

- суда жүзу кезінде құтқару кеудешесін киюді ұмытпаңыз;

- түнде, дауылды ауа райында, найзағай кезінде шомылмаңыз!

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы