Шолпан Каринова қызметінен кетті
Шолпан Каринова ҚР оқу-ағарту бірінші вице-министрі қызметінен кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі мәлім етті.
ҚР Үкіметінің қаулысымен Шолпан Таңатқызы Каринова Қазақстан Республикасының оқу-ағарту бірінші вице-министрі қызметінен босатылды, - делінген хабарламада.
Шолпан Каринова 1972 жылы дүниеге келген.
1994 жылы Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау педагогикалық институтын «қазақ мектебіндегі орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша бітірді.
2016 жылы — «педагогикалық білім» бағыты бойынша Омбы мемлекеттік педагогикалық университетінде магистратураны тәмамдаған.
Еңбек жолын 1994 жылы ауыл мектебінің мұғалімі болып бастаған, колледж оқытушысы, мектеп директоры қызметтерін атқарған.
2005–2008 жылдары — Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының білім бөлімінің басшысы.
2009–2012 жылдары — Солтүстік Қазақстан облысының Білім басқармасы басшысының орынбасары.
2012 жылғы мамырда Петропавл қаласы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары болып тағайындалған,
2013 жылғы шілде мен 2017 жыл аралығында — Солтүстік Қазақстан облысының Білім басқармасының басшысы.
2017–2018 жылдары — ҚР Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры болып қызмет атқарған.
2018 -2019 жылдары «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы директорының орынбасары қызметін атқарған.
2019 жылдың тамыз айынан бастап ҚР Үкіметінің қаулысымен ҚР білім және ғылым вице-министрі лауазымына тағайындалды.