Шолпан Каринова оқу-ағарту бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалды
ҚР Үкіметінің қаулысымен Шолпан Таңатқызы Каринова Қазақстан Республикасының оқу-ағарту бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Үкіметтің ресми сайты мәлімдейді.
Шолпан Каринова 1972 жылы 1 қаңтарда дүниеге келген.
Білімі:
Жоғары, мамандығы «қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі».
Еңбек жолы:
2004-2005 жж. - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының №5 орта мектеп директоры.
2005-2008 жж. - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының білім бөлімінің басшысы.
2008-2009 жж. - Солтүстік Қазақстан облысы Тайыншы ауданы әкімі аппаратының ұйымдастырушылық-бақылау және кадр жұмысы жөніндегі құрылымдық бөлімше басшысы.
2009-2012 жж. - Солтүстік Қазақстан облысының Білім басқармасы басшысының орынбасары.
2012-2017 жж. - Петропавл қаласы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары.
2017-2018 жж. - ҚР Білім және ғылым министрлігінің мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры.
2018 жылдың қазаны – 2019 жылдың тамызы - «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы директорының орынбасары
2019 жылдың 31 тамызынан – Қазақстан Республикасы білім және ғылым вице-министрі.