Шоколад артық салмақтан арылтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шоколад орта жастан асқан әйелдер қауымы үшін артық салмақтан арылуға таптырмас мүмкіндік. 

Гарвард медицина мектебі мен испаниялық Мурсий университетінің ғалымдары шоколадтың таңертеңгі уақытта келтіретін пайдасын анықтады. 

Бұл туралы The FASEB Journal басылымы хабарлады.

Мамандар жасаған тәжірибе жұмыстарына 40-тан асқан 19 нәзік жанды қатысқан. 14 күн бойы олардың кейбірі үйреншікті тағамдарын тұтынған. Ал бір бөлігі оянған соң, қалғаны ұйқыға жатардан 1 сағат бұрын 100 грамм сүтті шоколад жеген.

Таңертеңгі уақытта тәттіні жегендер салмақ қоспаған, керісінше, тәбетті бақылауда ұстау, ішек микробиотасының құрамы мен басқа да көрсеткіштер жақсарған. 

Сондай-ақ бел өлшемі мен қандағы глюкоза деңгейі азайыпты. Кешкі уақытта шоколад жеу келесі күнгі белсенділікті орташа 6,9%-ға арттырған. Оның үстіне түнгі уақытта тәттіқұмарлардың тәбеті жоғалыпты. 

Осы орайда олар басқа тамақтардың көлемін шектеген. Зерттеу жасаған ғалымдар тамақтанудың сапасы мен көлеміне ғана емес, оларды тұтынған уақытқа да мән берген жөн деп отыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы