Шокир Бабаев: Қазақстан тәжіктері ел халқының ажырамас бір бөлігі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысында «Файз» тәжік қауымдастығының төрағасы Шокир Бабаев мәлімдеді. 

Тәуелсіз 30 жылда ел болып қол жеткізген елеулі табысымыз бен жетістігіміз мол. Қасиетті Тәуелсіздік құндылығын бағалап, оны сақтау – баршамыздың азаматтық борышымыз деп білемін, - дейді Шокир Бабаев.

Сонымен қатар «Файз» тәжік қауымдастығының төрағасы қазақстандықтарға алғыс білдірді. 

Еліміздегі сындарлы этносаясаттың негізінде Қазақстандағы этностардың тарихын, тілін, дінін, салт-дәстүрлерін сақтау, дамыту ешқашан ұмыт қалған емес. Сол үшін тәжік ұлтының атынан сіздерге шынайы алғыс білдіремін,- деді ол Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысында. 

Оның айтуынша, еліміздегі тәжік ұлты қоғамға сіңісу керектігін жақсы түсінеді, қоғамдық жұмыстарға белсене араласуда. Олар ауыл шаруашылығы, білім саласы, медицина, құрылыс салаларында белсенді еңбек етуде. 

Қазақстан тәжіктері Қазақстан халқының ажырамас бір бөлігі.

Қиын-қыстау заманда қазақ елін паналап, қамқорлығы мен кеңпейілін көрген этнос өкілдері қазақ халқын жоғары бағалап, құрметтейді. Ендігі біздің мақсатымыз - елдегі тұрақтылықты сақтап, Отанымыз - Қазақстанның баянды болашағы үшін адал қызмет ету, - дейді Шокир Бабаев.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы