Шөкеев Түркістанның бас жоспарын таныстырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Үкімет отырысында 2050 жылы Түркістан қаласы халқының саны 500 мыңға жететінін айтты.
Түркістан қаласының бас жоспары жобасы әзірленді. Бастапқы қала аумағы 19 627 гектар болса, қала шекарасына өзгерістер енгізу арқылы жобалау аумағы 22 370 гектарға өзгертіледі. Бас жоспар бойынша, бірқатар жобалық кезең қабылданды: бастапқы жыл – 2018 жыл, бірінші кезең – 2025 жыл және есептік мерзім – 2035 жыл. Қалада 2018 жылы 165 мың адам болса, қазір 176,2 мың адам тұрады. Бас жоспарға сәйкес, 2025 жылға 250 мың адам, 2035 жылға 350 мың адам және 2050 жылға 500 мың тұрғын жоспарланған, - дейді Өмірзақ Шөкеев.
Оның айтуынша, қала жобасы әкімшілік-іскерлік орталық, рухани-мәдени орталық, тұрғын алаптары, жаңа құрылыс алаңдары, өндірістік және табиғи-рекреациялық аумақтар болып бірнеше бөлікке бөлінеді.
Қаланың шығыс бағытындағы жаңа әкімшілік-іскерлік орталық 1450 га аумақты қамтиды. Онда білім беру, денсаулық сақтау, мәдени және спорт нысандары, халыққа қызмет көрсету орталықтары, тұрғын үй кешендері, әкімшілік ғимараттар кешені, бизнес орталықтары, кеңселер, банктер және басқа да нысандар салу көзделген. Бүгінде әкімшілік іскерлік орталығында жоспарланған 14 нысан толық аяқталып, қала келбетіне сәулеттік дизайн беріп тұр, - дейді әкім.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Nur Otan-ның өңірлік конференциялары қашан өтетіні белгілі болды
Келесі жаңалық
Әлемде аллергиясы бар адамдар көбейді
Өзгелердің жаңалығы