Шөкеев Түркістан облысында қанша жұмыс орны ашылатынын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет отырысында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев облыс тұрғындарын жұмыспен қамтуға байланысты қабылданып жатқан шаралар туралы айтты.
Түркістан облысында «Еңбек» және жұмыспен қамту бағдарламалары табысты жүргізіліп жатыр. «Еңбек» бағдарламасы бойынша 20,6 млрд теңге қаржы бөлінген. Бағдарлама шеңберінде ашылған жұмыс орындарының 60%-ы тұрақты жұмыс орындар, - деді ол.
Облыс әкімінің сөзінше, 101 мың адам жұмыспен қамтылған.
1 сәуірдегі жағдай бойынша бағдарлама аясында 26 620 адам жұмыспен қамту шараларына қатысып, І тоқсанның жоспары 115%-ға орындалды. Ол жұмыс орындарының 25%-ы тұрақты жұмыс орындары, - деп баяндады әкім.
Облыста тұрақты жұмыс орындарының үлесі биылғы жылдың екінші жартысында өседі деп күтіліп отыр.
Болжам бойынша уақытша жұмысқа тартылғандардың 80%-ы тұрақты жұмысқа орналасады. Ол үшін тиісті жұмыстар атқарылып жатыр.
Сонымен қатар тұрақты жұмыс орындарын көбейтудің жолы – ол кәсіпкерлікті дамыту шаралары. Бұл шаралар бойынша «Бизнес бастау» жобасы бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен 1 140 азаматты оқыту жоспарланып отыр. Бұл оқыту мамырда басталады. «Бастау бизнеспен» 3 650 адам оқытылуы керек, - дейді Шөкеев.
Шөкеевтің сөзінше, бірінші тоқсанда 939 адам оқудан өтті. Оның 362-сіне грант ұсынылды.
Қоғамдық жұмыс орындарына 11 мың адам тартылды. Әлеуметтік жұмыс орындары 113%-ға орындалды. Осы жұмыстардың арқасында облыста атаулы әлеуметтік көмек былтырға қарағанда 2,5 есеге азайды.
Облыста 35 млрд теңгенің лимиті бекітіліп, оның ішінде 32,5 млрд теңге Түркістан облысының дамуына бағытталған 34 инфрақұрылымдық жобаларға бағытталған. «Жұмыспен қамту» жол картасы шеңберінде 3 617 жұмыс орны ашылады. Оның 61%-ы пайдалануға берілгеннен кейін құрылатын тұрақты жұмыс орындары. Қазіргі күні барлық инфрақұрылымдық жоба бойынша жұмыстар басталды, - деп түсіндірді Түркістан облысы әкімі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы