Шөкеев облыс тұрғындары "пара беріп жұмысқа тұрады" деген сауалға жауап берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев "өңір тұрғындары жұмысқа орналасу үшін пара беруге мәжбүр" журналист деген сауалына жауап берді.
"Бұл тұрмыстық деңгейде. Бұл жағдай тек біздің облысқа қатысты емес. "Ұстаздар, тіпті еден жуушы жұмысқа тұру үшін пара беруі кере" деген сөз болды. Бірақ былтыр мен келгеннен бері кезден жұмыс басталып, қазір барлық әлеуметтік мекмелереде, мектеп, ауруханада жұмысқа орналасу арнайы портал арқылы жүреді. Мектеп директоры, ауданнан ешкімнің ықпалы жүрмейді. Бұл порталды қалай қолдануды Сәкен Қалқаманов (Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз хатшысы – авт.) сіздерге көрсете алады. Сыбайлас жемқорлықпен күресте тиімді әдістердің бірі қазіргі заманғы технологияларды қолдану болып отыр, себебі мұнда ашықтық бар және шешім қабылдайтын адамдармен байланыс болмайды", - деді Шөкеев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Инсультке 30-40 жас аралығындағы азаматтар жиі шалдығады
Келесі жаңалық
“Жан Шуақ” сыйлығының лауреаттары марапатталды
Өзгелердің жаңалығы