Шөкеев: Мен келеді деп көзбояушылық жасауға болмайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев жауапты сала басшыларымен бірге облыс орталығындағы абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарының барысын бақылады. Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ясауи көшесінің бойындағы желілік саябақ құрылысымен танысып, мердігерлермен кездесті.

Жалпы ауданы 11 гектарды құрайтын демалыс аймағы құрылысының бірінші кезеңі қараша айына дейін аяқталмақ. Саябаққа талаптарға сай жаңа орындықтар, диодты шамдар орнатылады. Көшеттер, гүлдер отырғызылып, көгалдандырылып, абаттандырылуда.

Түркістан қаласын көгалдандыру аясында жасыл аумақ ұлғайып, суару жүйесі жетілдірілуде. Бұл бағытта атқарылған істер барысымен танысқан облыс әкімі жауапты басшылардың жұмысына көңілі толмайтынын айтты.

Жайбасарлықтан жұмыстың оңбайтынын айтып, көзбояушылыққа барғандарды қатаң сынға алды.

Бұл жерге мен болмасам келмейсіңдер. Өткендегі болған нәрсе, әлі де сол күйі тұр. Ешқандай алға басу жоқ. Мен келеді дегенде 5-6 адам шақырып алып, көзбояушылық жасайсыздар. Бұлай болмайды, – деді облыс әкімі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы