ШҚО трассаларына электронды табло орнатылып жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Электронды таблодан жолдың жай-күйі туралы ақпарат шығып тұрады, деп хабарлайды Аltaynews.kz.

«Қазақавтожолдың» облыстық филиалының мәлімдеуінше, үш ақпараттық таблоның екеуі орнатылды. Біріншісі – Өскемен – Рахман қайнары тасжолының басында, екіншісі – Омбы – Майқапшағай трассасының 904-шақырымында.

Таблода жолдың жай-күйі, көктайғақ немесе трассаның белгілі бір бөлігі жабылатыны туралы ақпараттар шығып тұрады, – дейді «Қазақавтожол» өкілдері.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы