ШҚО полицейлері балалар үйінің қашып кеткен тәрбиеленушілерін тапты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ШҚО полицейлері балалар үйінің қашып кеткен тәрбиеленушілерін тапты, деп хабарлады Polisia.kz. 

Осы жылы 14 шілдеде түнгі сағат 23:56-да Ұлан ауданы ПБ кезекші бөліміне 14 шілдеде сағат 16:00 шамасында Ұлан ауданының Төменгі Тайынты ауылында орналасқан жазғы сауықтыру лагерінің аумағынан өз еркімен кетіп қалған 14, 15 және 17 жастағы үш кәмелетке толмаған балалар үйінің тәрбиеленушілерін іздеуге көмек көрсетуді сұрады. 

Өтініш Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Үміт» балалар үйі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорынан келіп түсті. 

Ақпарат түсе сала полиция қызметкерлері жасөспірімдерді дереу іздеуге кірісті. Іздеу операциясына Ұлан АПБ жеке құрамы, ТЖ қызметкерлері, Асубұлақ ауылдық округі әкімдігінің қызметкерлері және еріктілер жұмылдырылды.  

Іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ағымдағы жылғы 16 шілдеде таңғы сағат 06:05–те «Өскемен-Самар» тас жолында   қызмет атқарған патрульдік полиция батальоны қызметінің инспекторлары Тарғын ауылындағы тас жолда орналасқан қараусыз қалған үйге кіріп бара жатқан үш жасөспірімді байқайды. 

Тәртіп сақшылары аталған үйді тексеру кезінде кәмелетке толмаған балаларды сол жерден табады. Қазіргі уақытта ер балалар барлық мән-жайларды анықтау үшін Ұлан АПБ-ға жеткізілді.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы