ШҚО-ның аудандары амбулаторлық дәрі-дәрмекпен 100 пайыз қамтылған
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Шығыс Қазақстанның аудандарындағы тұрғындардың амбулаторлық дәрі-дәрмекпен қамтылу деңгейі жоғары.
Бұл туралы көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың мәселелерін қарайтын Бородулиха аудандық комиссияның кезекті отырысында айтылды. Халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына көрсетілетін медициналық көмек пен аудан тұрғынының дәрі-дәрмекпен қамтылуы жайын хабарлаған орталық аудандық аурухананың бас дәрігері Гүлжан Қалиева бүгінгі күні көпбалалы аналар мен мүгедектердің, зейнеткерлердің Мiндeттi әлeyмeттiік мeдицинaлық caқтaндырy қoрынa жарна төлеуден босатылғанын атап өтті.
Aлтын aлқa», «Kүмic aлқa» төсбелгілерімен марапатталған нeмece бұрынырақта «Бaтыр aнa» aтaғын aлғaн, сoндaй-aқ I-ші және II-шi дәрeжeлi «Aнa Дaңқы» ордендерін иеленген, бала күтіміне байланысты үйде отырған, бала жасынан мүгедек балаларды бағып отырған аналар, зейнеткерлер мен соғыс ардагерлері Міндетті әлеуметтік медициналық қорына жарна төлеуден босатылған. Олар үшін қорға қаражатты мемлекет аударады, – деді Гүлжан Қалиева.
Бұдан бөлек, комиссия отырысында сөз алған аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАЖ бөлімінің басшысы Альмира Байболова орталық аудандық аурухананың шипажайлық-курорттық емдеуге жолдама алуда адамдарға коронавирустық инфекцияға қатысты тапсырылатын ПТР тестін тегін тапсыруға қолғабыс етуін сұрады. Мұны назарға алған комиссия мүшелері осы санаттағы азаматтардың бұдан былай тұрғылықты жерлері бойынша учаскелік дәрігерге жүгіну қажеттігі туралы шешім қабылдады.
Айта кетсек, өткен жылы аудан тұрғындарының амбулаторлық дәрі-дәрмекпен қамтылуы 100 пайызды құраған. Ішкі қызметті пайдалану 88 пайызды құраса, сыртқы қызмет 36 пайыз болған. 21 адам компьютерлік және магнитті-резонансты томографиядан өткен.