ШҚО мен Қырғызстан арасындағы сауда көлемі 4,9 млн долларға жетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тамыз айында ШҚО-ның Қырғыстан Республикасымен өзара сауда көлемін 4,9 млн АҚШ доллар сомасындағы экспорттық, 1,6 млн АҚШ доллары сомасындағы импорттық операциялар құрады, деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы.

Оның ішінде минералдық өнімдер – 70,9%, табиғи немесе өсірілген маржан, асыл және жартылай асыл тастар, асыл металдар, металдар, асыл металдармен жалатылған және олардан жасалған бұйымдар – 16,6%, пластмасса және одан жасалған бұйымдар – 5,2%, химиялық және онымен байланысты өнеркәсіп салаларының өнімдері – 3,9% экспортқа шығарылды.

Минералдық өнімдердің 62,5%-ы, химия және онымен байланысты өнеркәсіп салаларының өнімдерінің 17%-ы, тастан, гипстен, цементтен жасалған бұйымдардың 11,6%-ы импорттың негізгі үлесін құрады, - делінген хабарламада.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы