ШҚО құтқарушылары жолда қалған автобус жолаушыларын эвакуациялады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысының құтқарушылары дөңгелегі жарылып, жолда қалған шағын автобус жолаушыларын эвакуациялады. 

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, «Ақсуат-Ақжар» тасжолындағы Бакей учаскесінің аумағында келе жатқан шағын автобустың 2 бірдей дөңгелегі жарылып қалған. 

Шағын автобус ішінде 11 жолаушы болды.

Оқиға орнына құтқарушылар шұғыл жетті. Олар 8 адамды Ақжар ауылына дейін жеткізіп тастады. Ал 3 азамат көлік дөңгелектерін ауыстыру үшін сонда қалған, - делінген хабарламада.

Осы ретте ТЖД тұрғындарға алыс сапарға шығар алдында көліктің техникалық жағдайын жіті тексеру қажеттігін ескертеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы