ШҚО-дағы өрт сөндірушілерге үстемақы төленуі мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да ҚР төтенше жағдайлар министрінің халық алдында есеп беру кездесуінің қортындысы туралы өткен брифингте ҚР төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин айтты.
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да ҚР төтенше жағдайлар министрінің халық алдында есеп беру кездесуінің қортындысы туралы өткен брифингте ҚР төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин айтты.
Оның айтуынша, жыл сайын ТЖМ елеулі күштері табиғи өрттерді сөндіруге жұмылдырылады.Кеше менің бұйрығым бойынша өрт сөндіруге белсенді қатысқан волонтерларға үстемақы төленді. 14 адам біздің қызметкерлерге көмектесті. Ертең Риддердегі өрт бойынша жедел кеңес өткіземіз. Егер де департамент басшылығы жеке құрамға үстемақы беру туралы шешім қабылдаса, біз оларға төлейміз, - деді министр.
Юрий Ильин өрттің ықтимал себептерін зерттеу жүргізілгенін айтты.Өткен аптада Риддер қаласында ірі табиғи өрт болды. Тілсіз жау Шығыс Қазақстан облысы тұрғын үй секторына ауысуына байланысты өрттің жалпы ауданы 287,4 гектарды құрады. 30-дан астам тұрғын үй (31), 200-ден астам шаруашылық құрылыстары (249), 6 автомобиль зардап шекті. Бір адам қаза тапты, екеуі жарақат алды. Әкімдік зардап шеккендердің материалдық залалын анықтау жұмыстарын жүргізуде, - деді министр.
Риддер орман шаруашылығы аумағында (13 квартал) барбекюдің металл құрылымдары, алкогольден жасалған шыны бөтелкелер (2 дана), сондай-ақ жиналған отын табылғаны анықталды, - деді ол.
- Әдебиет пен кітап оқу цифрлық технологиялары жобаларына 50 млн теңге грант бөлінеді 12.11.2026
- Жеңіс Қасымбек Қосшы бағытындағы LRT-ның іске қосылатын уақытын айтты 12.11.2026
- Тікелей эфирдегі әдепсіздік: астаналық азамат 7 күнге қамалды 12.11.2026
- Көктайғақ пен тұман, жел. Жұма күні 17 өңірде дауылды ескерту жарияланды 12.11.2026
- Астанада екі автобус соқтығысып қалды 12.11.2026
- Түркістан – Павлодар пойызының жолсерігі қамауға алынды 12.11.2026
- «Арандатушылық пиғылдардың жүзеге асу ықтималдығы бар»: Жапаров Қырғызстан халқына үндеу жасады 12.11.2026