ШҚО-дағы өрт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ІІМ ресми өкілі Нұрділда Ораз дәстүрлі брифингте айтты.
ШҚО-ның Риддер қаласында 10 мамырда ірі өрт басталды. Оған 100 полиция жұмылдырылды. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың тапсырмасы бойынша ШҚО-ның тәртіп сақшылары тұрғындарға тәулік бойы көмек көрсетуге бағытталды. Олар өрттің басталғанынан бастап өртті сөндіру мен адамдарды өрт аймағынан шығаруға ТЖМ-ға жәрдемдесіп жатыр, - деді ол.
Нұрділда Ораздың айтуынша, полиция қызметкерлері тұрғындарды қауіпсіз жерге бару бойынша да ақпараттандырып жатыр.
Ол атағандай, өрт бойынша Қылмыстық кодекстің 204/2-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Өрт фактісі бойынша ҚР ҚК 204 - бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда, -деді ол.Риддер қаласының барлық жеке құрамы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында жұмыс істеп жатыр. Бос қалған үйлердің жанында өзге адамның мүлкін қорғау мақсатында полиция күзетте жүр. Құтқару жұмыстарына 300-ден астам полиция қызметкері мен 40 техника бірлігі жұмылдырылды. Глубокое, Шемониха аудандарының жедел-құтқару жеке құрамының қызметкері өрт болған аймақта көмек көрсетіп жатыр, - деді Ораз.