ШҚО-да жыл басынан бері коронавирустан 60 адам қайтыс болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстанда жыл басынан бері коронавирустан 60 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Altaynews.
ШҚО денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, пандемия басталғалы бері облыста 31 мыңнан астам коронавирус жұқтырған. Ал осы індеттен көз жұмғандар саны – 365 адам, оның 60 жағдайы осы жылы тіркелген. Атап айтқанда, Семейде коронавирус пен пневмониядан – 34, Өскеменде – 16, облыстың басқа қалалары мен аудандарында 10 өлім-жітім жағдайы тіркелген екен.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегі бойынша Қазақстан коронавирустан өлім-жітім жағдайларының саны бойынша жетінші ондықта тұр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Түркістан облысында бір күнде 3 той тоқтатылды
Келесі жаңалық
Жетісуда медицина деңгейі төмен
Өзгелердің жаңалығы