ШҚО-да жолдағы құтқару пункттері жұмыс істей бастады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысының автокөлік жолдарында 4 трассалық- медициналық құтқару пункті және 19 жылыту пункті жұмыс істей бастады, деп хабарлады Алтайньюс.

Әрбір құтқару пунктінде тәулік бойы бес маман жұмыс істейді. Олар - дәрігер, фельдшер, диспетчер, құтқарушы және құтқарушы-жүргізуші. Пункттер арнайы медициналық техникамен, авариялық-құтқару құралдарының жиынтығымен жабдықталған. Сондай-ақ тікұшақ алаңы да бар.

Мәселен қар құрсауында қалып қойған адамдар жол қызметтері келгенге дейін және трасса тазалағанға дейін жол бойынддағы медициналық құтқару пункттерінде бола тұрады. Алайда бұл тұрақтарда тамақ берілмейтінін ескеру керек, –  деп мәлімдеді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Трассалық- медициналық құтқару пунктері:

«Привольное» – Өскемен-Семей тас жолында (Ұлан ауданы Привольное ауылының маңында);

«Жарма» – Алматы-Өскемен тас жолында (Жарма ауданы Аршалы кентінің маңында);

«Семеновка» – Омбы-Майқапшағай тас жолында (Бесқарағай ауданы Қарабас кентінің маңында);

«Семей» – Омбы-Майқапшағай тас жолында (Жарма ауданы Суықбұлақ кентінің маңында)


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы