ШҚО-да жолда қалған жолаушылар құтқарылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бородулиха ауданында көліктері бұзылып орманда қалған 4 адам құтқарушылардың көмегіне жүгінуге мәжбүр болған. Бұл туралы ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
ТЖД мәліметіне қарағанда, 20 тамыз күні 4 адам, оның ішінде 1 бала жеңіл көлікпен Новошульба орманшылығы аумағында келе жатқан. Кенет көліктері бұзылып, олар жолда қалыпты. Азаматтар құтқарушылардың көмегіне жүгінуге мәжбүр болған.
Оқиға орнына №21 өрт сөндіру бөлімшесінің қызметкерлері дереу келіп, жолаушыларды Жаңа Шүлбі ауылына дейін жеткізіп тастаған. Зардап шеккен ешкім жоқ, - делінген хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
ҰҚШҰ. Ауғанстан мәселесі талқыланады
Өзгелердің жаңалығы