ШҚО-да жоғалған қыз Риддер қаласынан табылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданында із-түзсіз жоғалып кеткен жеткіншек Риддер қаласынан табылды, деп хабарлайды ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметі.
24 маусым күні кешкі уақытта Глубокое ауданының тұрғыны «102» жедел арнасына қоңырау шалған. Ер адам өз сөзінде 2008 жылғы қызы Кнельц Марина Романовнаның жоғалып кеткенін жеткізген.
18 маусымда жеткіншек Черемшанка ауылындағы үйден сыртқа шығып кетіп, сол күйі қайтып оралмаған. Полиция қызметкерлері мен волонтерлер жедел-іздестіру шараларына кірісті. Соның нәтижесінде, қыз Риддер қаласынан табылды. Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр, – деп хабарлады ведомство өкілдері.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Әлемде аллергиясы бар адамдар көбейді
Өзгелердің жаңалығы