ШҚО-да жақсы деңгейдегі жолдардың саны артты
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Өткен жылы өңірдегі барлық деңгейдегі жолдарды жөндеуге әртүрлі көздерден 40,7 млрд. теңге қаражат бөлініп, 660 шақырымнан астам жол жөндеуден өткізілген.
Бұл тyрaлы Аймақтық кoммyникaциялaр қызмeтiндe баспасөз қызметін өткізген oблыстық жoлayшылaр көлiгi жәнe aвтoмoбиль жoлдaры бacқaрмacының бacшыcы Нұржан Жұмәділов хабарлады.
Көзделген қаражаттың ішінде түрлі мемлекеттік бағдарламалардың да үлесі үлкен болды. Атап айтсақ, былтыр облыс аумағындағы жолдар мен көшелерді жөндеуге «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағадарламасы аясында 16,1 млрд теңге бөлінсе, «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасымен 1,7 млрд теңге мөлшерінде қаражат бағытталған. Сондай-ақ республикалық және облыстық бюджеттің паритетті елу де елу жобасы аясында 283 шақырым жолға жөндеу жүргізілген екен.
Жалпы бөлінген қаражаттың ішінде 11,8 млрд теңгесі жергілікті жерлердегі жолдарды жөндеуге және күтіп-ұстауға бөлінсе, елу де елу қаржыландыру шеңберінде жол жөндеуге 7,3 млрд теңге қарастырылған. Орташа жөндеу көрген 283 шақырым жолдың 160 шақырымы облыстық маңыздағы жол болса, 123 шақырымы аудандық маңызы бар жол, - деді Нұржан Жұмәділов.
Атап айтсақ, «Аягөз-Қарауыл-Семей-Қайнар», «Үлкен Нарын-Күршім», «Өскемен-Тарғын-Самар», «Омбы-Майқапшағай-Шілікті-Ақжар», «Шемонаиха-Усть-Таловка», «Шемонаиха-Большая Речка», «Семей-Ресей Федерациясы-Зұбайр-Байтанат» сияқты жолдар мен 14 аудандық маңызы бар автожол жөндеу көрген. Бұған қоса 11 млрд теңгеден астам қаражатқа елді мекендердегі 45,2 шақырым көше жөндеуден өткізілді.
«Ауыл - Ел бесігі» бағдарламасы арқылы Аягөз, Бородулиха, Жарма, Зайсан, Күршім, Катонқарағай, Тарбағатай және Үржар ауданының елді мекендерінде 90 шақырым көше жөнделді. Бұған қоаса, 247 шақырым жол мен көше желісі «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы арқылы жөндеуден өтті. Оның ішінде аудандық маңызы бар бес жоба, елді мекендердегі көшелер бойынша 90 жоба, үш көпір мен екі әуежай жөндеумен қамтылды. Бүгінде жұмысы жүргізіліп жатқан Өскемен қаласы мен Үржар ауданындағы әуежайлардағы жөндеу жұмыстары биыл аяқталады, - деп қосты басқарма басшысы.
Жүргізілген жол жөндеу жұмыстарының нәтижесінде облыстағы жақсы және қанағаттанарлық жолдардың деңгейі 85 пайызға жеткізілген.