ШҚО-да ыстықтан асфальт «еріп» кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ШҚО Алтай қаласының тұрғындары Бочарников көшесін айналып өтуді жөн санайды. Өйткені былтыр төселген асфальт қатты ыстықтан «еріп» жатыр, деп хабарлайды YK-news.kz.

Бүгін Алтайда термометр бағаналары плюс 30 градустан жоғары көтерілді. Қала тұрғындары Бочарников көшесінде асфальт «еріп» кеткенін байқаған. Күннің бірінші жартысында коммуналдық қызметкерлер келіп, еріген асфальттің бетіне құм сеуіп тастаған.


Өткен жазда да осы Бочарников көшесінде дәл осындай жағдай болған. 2020 жылдың маусым айында «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша жөнделген ұзындығы 500 метр жол учаскесі туралы болып отыр.


Кейін мердігер ұйымның мамандары асфальт-бетон қоспасының құрамы зертхананың кінәсінен дұрыс болмай шықты деген сылтау айтқан болатын.

Айта кетейік, 27 мамырда ШҚО бойынша қатты ыстық болады деп болжанып, дабылды ескерту жарияланды. Кейбір қалалар мен аудандарда термометр бағаналары плюс 35 градусқа дейін көтерілуі мүмкін.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы