ШҚО-да ұлттық халық санағы қалай өтетіні айтылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Естеріңізге сала кетейік, биыл елімізде 1 қыркүйектен 30 қазанға дейін ұлттық халық санағы өтеді. Оған алғаш рет онлайн режимде де, дәстүрлі түрде де қатысуға болады.
Осы орайда, бүгін Шығыс Қазақстанда ұлттық санақтың бірінші кезеңінің басталуы және санақ науқанына қатысты барлық сұрақтар бойынша баспасөз конференциясы өтті.ШҚО бойынша Ұлттық статистика бюросы департаменті басшысының м.а. Берік Терлікбаевтың айтуынша, 2021 жылғы ұлттық халық санағы екі кезеңнен тұрады: бірінші немесе дайындық кезеңі 1-30 маусым аралығында өтеді. Бұл кезеңде интервьюерлер тұрғын және тұрғын емес үй-жайлар мен құрылыстардың мекенжайларын, сондай-ақ олардағы тұратын халықтың нақты санын нақтылау мақсатында әрбір елді мекенді аралап шығатын болады. Халыққа ауызша сауалнама жүргізу барысында алынған ақпаратты интервьюерлер планшеттік құрылғыларға енгізеді. Мекенжайларды және тұрғындардың санын нақтылау бойынша атқарылған жұмыстың нәтижелері екінші кезеңде – негізгі халық санағында қолданылатын Нұсқаушылар мен есеп учаскелеріне аумақты бөлуге негіз болады. Онлайн режимде халықтың интернет-сауалнамасын және планшеттер арқылы халықтың жаппай сауалнамасын жүргізу – алдағы халық санағының басты жаңалығы болмақ.
1 қыркүйектен 15 қазанға дейін қазақстандықтар өзіне және өзінің отбасы мүшелеріне арналған санақ парақтарын мамандандырылған sanaq.gov.kz. сайтында өз бетінше толтыра алады. Дәстүрлі жаппай аралау 1-30 қазан аралығында өтеді және белгіленген мерзімде онлайн-режимде санақтан өтпеген респонденттер арасында өткізіледі.
Интернет арқылы мәліметтерді ұсынған респонденттер интервьюерлермен пікіртерім жүргізуге жатпайды. Халыққа сұрау салу кезінде респондентті сәйкестендіру ретінде сұралатын адамның ЖСН пайдаланылатын болады. Бұл мәліметтердің қайталануын болдырмауға мүмкіндік береді, – деп атап өтті Берік Терлікбаев.Спикер сауалнама жүргізетін интервьюердің қандай болатынын айтып берді. Оның өзімен бірге фотосуреті, т.а.ә., берілген күні мен қолданылу мерзімі, аумақтық статистика органының қолы мен мөрі бар интервьюер куәлігі болуы тиіс. Сонымен қатар, мойнында халық санағының символикасы бар көк түсті шарф, қолында портфель болу керек.
2021 жылғы ұлттық санақты өткізу кезеңінде «1446» бірыңғай Call-орталығы, сондай-ақ 8 8000 800 878 нөмірі жұмыс істейтін болады.
Сонымен қатар ұлттық санақ туралы барлық ақпарат мамандандырылған sanaq.gov.kz сайтында, stat.gov.kz ресми сайтында, сондай-ақ YouTube (STATGOV KZ), Facebook (@statgov.kz) әлеуметтік желілерінде, Instagram (@statgov.kz) желісінде #sanaqkz2021 хэштегімен жарияланатын болады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Құс тұмауы адамға жұға бастады
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы