ШҚО-да «Татуласу орталығы» жұмысын бастады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскеменде «Татуласу орталығы» жұмысын бастады. Орталық мамандары түрлі тұрмыстық дау-жанжалдарды шешуге, отбасын сақтауға бағытталған кеңес береді. Бұл туралы облыс әкімі Даниал Ахметов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Бұл жерде қызметтің бәрі азаматтарға тегін көрсетіледі. Тегін құқықтық кеңестер беріледі. Мұндағы кәсіби медиаторлар, психологтар, адвокаттар, отбасылық кеңесшілер, конфликтологтар мен өзге де мамандар азаматтық, құқықтық, отбасылық, экономикалық саладағы және еңбек саласындағы дауларды сотқа дейін жеткізбей шешуге атсалысады.

Үлкен әрі жайлы орталықта мамандардың жемісті жұмысы үшін барлық жағдай жасалған. Бұл жоба отбасы, еңбек және азаматтық қатынастардағы даулы мәселелерді татуластыру арқылы шешуде халыққа арналған мүмкіндіктерді кеңейтетуге жол ашатынына сенімдімін. Өкінішке орай, соңғы уақытта облысымызда және жалпы елімізде ажырасу оқиғалары жиілеп кеткенін көріп отырмыз. Сондықтан, әсіресе жанұяларды татуластыруға, отбасын сақтауға бағытталған барлық әдістер маңызды. Тұрғындар мұнда заңгерлік көмекке қана жүгінбей, тәжірибелі отбасылық психологтан да кеңес ала алатыны қуантады, - деп жазды облыс басшысы Даниал Ахметов.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы