ШҚО-да шектеу шараларын бұзудың 20 жағдайы анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Айыппұлдарға қарамастан, ШҚО тұрғындары карантин талаптарын, әсіресе, маскалық режимді сақтамайды.
Осы ретте мобильді мониторингтік топтардың жұмысы жалғасуда.21 наурызда облыс аумағында шектеу шараларын бұзудың 20 жағдайы анықталып отыр.
Мысалы, Өскеменде 257 нысан тексеріліп, 8 ереже бұзу фактісі тіркелген.
Семейде 329 нысан тексеріліп, 10 бұзушылық анықталды.
Риддерде 5 рейд өтіп, оның барысында мониторингтік топтар 72 нысанды аралады. Нәтижесінде 2 ереже бұзу жағдайы тіркелді (жұмыс орнында маскасыз жүру).
Сондай-ақ, Глубокое ауданында 121 кәсіпкерлік нысан, Бесқарағай ауданынла – 23 нысан, Зайсан ауданынла – 91 нысан тексерілді. Карантин талаптарын бұзк фактілері анықталған жоқ.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы