ШҚО-да пара алған шенеунік ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысы аудандарының бірінде әкім орынбасары пара алды деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі мәлім етті.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті аудандардың бірінің әкімінің орынбасарына қатысты 1 800 000 теңге сомасында, яғни кәсіпкерден айтарлықтай мөлшерде пара алу дерегі бойынша соталды тергеу жүргізіп жатыр. Күдікті қамауға алынды, - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілі.Басқа мәлімет тергеу мүддесіне байланысты жария етуге жатпайды. Кінәлілік дәрежесіне байланысты түпкілікті үкімді сот шығарады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қарағанды облысында карантин шектеулері күшейді
Келесі жаңалық
Жетісуда медицина деңгейі төмен
Өзгелердің жаңалығы