ШҚО-да өзен суы 73 см көтерілген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Күн жылынуына байланысты Ұлан ауданындағы Аблакетка өзенінің су деңгейі бір тәулікте 73 см-ге көтерілген. Бұл туралы ШҚО ТЖ баспасөз қызметі хабарлады.
Жиналған су Өскемендегі «Солнечная долина» саяжайындағы аумақ пен үйлерді басты.
Саяжай қоғамында 226 бақша учаскесі бар. Оның 31-ін су басты. Бұл үйлерде ешкім тұрмайды. Саяжай аумағында екі үйдің ғана тұрғыны бар. Алайда олардың үйлеріне қауіп жоқ, – деп хабарлайды ШҚО ТЖ баспасөз қызметі.
Отбасылардың бірі уақытша тұрғылықты орнын ауыстырды. Екінші үй иелері эвакуациядан бас тартқан. ШҚО ТЖД мен қала әкімдігінің мамандары жағдайды бақылауда.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қарағандыда 17 млн теңгені жымқырған екі банк қызметкері ұсталды
Келесі жаңалық
Ақмолада 394 адам алкоголизмнен мәжбүрлеп емдеуге жіберілген
Өзгелердің жаңалығы