ШҚО-да оқу жылының басынан бері 62 оқушы коронавируспен ауырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 1 қыркүйектен 13 қазанға дейін өңірде 62 оқушы коронавирус инфекциясын жұқтырған. Бұл туралы ШҚО тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.
62 оқушының 37-сі оқушы кезекші сыныптарда, қалған 25 оқушы қашықтықтан оқиды.
ШҚО тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі атап өткендей, вирус анықталған барлық мектепте эпидемияға қарсы санитарлық-дезинфекциялық іс-шаралар жүргізілген.
Ауырғандардың ең көп саны, атап айтқанда, 12-сі – Риддерде, 11-і – Алтай ауданында және Глубокое ауданында, 10-ы – Өскеменде, 7-еуі – Семейде, 5-еуі – Көкпекті ауданында, 2-еуі – Шемонаиха ауданында және Курчатовта, бір-бірден оқушы Күршім және Катонқарағай аудандарында тіркелген.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Табиғат қорғаушылары «Елім-ай» сыйлығымен марапатталды
Келесі жаңалық
Қазақстан мен Ресей агроөнім саудасын жеңілдетеді
Өзгелердің жаңалығы