ШҚО-да минералды су өндіретін зауыт іске қосылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ШҚО-да минералды су өндіретін зауыт іске қосылады.

ШҚО Зайсан ауданында «Арна Минералс» зауыты іске қосылады. Оның өндіріс көлемі жылына 27 млн литр минералды суды құрайды.

Кәсіпорын өз өнімін тек облыс аумағында ғана емес, республика аумағында да сатады деп жоспарлануда.

Шекара маңы аумақтарын дамыту жоспарына сәйкес, Зайсан ауданында кәсіпкерлік саласында 190 млн теңге сомасына 4 іс-шара жүзеге асырылды. Маңызды жобалардың бірі - «Арна Минералс» зауытының құрылысы. Оны Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай іске қосуды жоспарлап отырмыз, - деді Зайсан ауданының әкімі Серік Зайнулдин. 

Қазіргі таңда ауданның агроөнеркәсіп саласында 309 млн теңгенің 9 жобасы жүзеге асырылуда.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы