ШҚО-да мектептегі жаңа жылдық шараларға ата-аналар қатыспайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ШҚО-да мектептер мен балабақшаларда мерекелік шаралар ата-аналардың қатысуынсыз өтетін болды, деп хабарлады Алтайньюс.
Елдегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты мектептер мен балабақшаларда жылдағы дәстүр бойынша мерекелік шаралар мен жаңа жылдық кештер өткізілмейді. Бірақ әр сынып пен топқа жеке-жеке мерекені атап өтуге рұқсат берілді.
Жаңа жылды әр сынып оқушылары мен балабақша топтары жеке-жеке атап өтеді. Десе де, бұл шараларға ата-аналар қатыса алмайды, - делінген облыстық Білім басқармасының хабарламасында.
Сондай-ақ білім беру ұйымдарында жаңажылдық іс-шараларды өткізуге аниматорлар мен басқа да бөгде адамдардың да кіруіне рұқсат жоқ.
Ертеңгілікте міндетті түрде санитарлық нормалар қатаң сақталуы керек. Атап айтқанда, шара қатысушылары бетперде киіп, қолдарын өңдеп, және арақашықтықты сақтауға міндетті.
Өскеменде ертеңгіліктер балабақшаларда 20 желтоқсанда, мектептерде 27 желтоқсанда басталады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ақтөбеде бірегей перинаталды орталық ашылды
Келесі жаңалық
Қостанайда ит қапқан 13 адамнан құтыру диагнозы анықталды
Өзгелердің жаңалығы