ШҚО-да мал қырылды деген ақпарат жалған – АШМ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгінгі күні Шығыс Қазақстан облысында аса қауіпті аурудан мал қырылу жағдайлары мүлде тіркелмеген.

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданының Шілікті ауылында белгісіз аурудан жаппай мал қырылды деп таратқан БАҚ-тың хабарламасына байланысты Ауыл шаруашылығы министрлігі, бүгінгі таңда Шілікті ауылдық округінде аса қауіпті аурудан мал өлмегенін хабарлайды.

Өңірдегі шаруашылықтардың бірінде малдың жаппай қырылуы биыл мамыр айының басында болған. Содан кейін анаэробты энтеротоксиннің салдарынан 102 қозының өлгені анықталған болатын. Сонымен қатар, жайылымдарды тексергенде де улы немесе басқа да зиян ештеңе анықталмады. Үлкен қойларда аурудың белгілері болған жоқ.

Осыған байланысты ветеринарлар түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, шаруашылық иесіне бұл жағдайда өлген малға өтемақы төленбейтіні айтты.

Сонымен қатар, 2020 жылы және биыл бірінші жартыжылдықта жергілікті атқарушы органдардың ветеринариялық қызметтері эпизоотияға қарсы іс-шаралар кешенін уақтылы жүргізгені және қазіргі уақытта Қазақстандағы барлық ауыл шаруашылығы жануарлары аса қауіпті ауруларға қарсы вакцина егілді.

Биыл мамыр айында қозылар өлгеннен кейін Шілікті ауылдық округінің малы ветеринар мамандардың қатаң бақылауында болады. Сондықтан Шілікті ауылында малдың жаппай қырылып жатқаны туралы ақпарат тексерілмеген және жалған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы