ШҚО-да қонақ үй қызметкерлері вакцина алып жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жазғы туристік маусымда қонақтардың басым бөлігі қонақ үйлерге келетіні белгілі. Осы ретте ШҚО туризм және сыртқы байланыстар басқармасы облыстың қалалары мен аудандарының әкімдіктерімен бірлесіп, туристерді орналастыру орындарының қызметкерлерін кезең-кезеңімен вакцинациялау бойынша жұмыс жүргізуде, деп хабарлады Altaynews.
Республика бойынша қонақ үйлердің ең қөбі Шығыс Қазақстан облысында орналасқан екен. Аймақта келушілерді орналастырумен айналысатын 560 орын бар. Ал індетке қарсы вакцина алудың алдыңғы қатарында туризм қызметкерлері болуы керек. Осыған орай кәсіпкерлерге ыңғайлы болу үшін жұмыс орнында көшпелі мобильді группалардың жұмысы ұйымдастырылып отыр.
Қауіпті індеттің таралуына жол бермеу мақсатында қонақ үй қызметерлері вакцина алуға өз еріктерімен ұсыныс жасаған.Себебі олар туристермен тікелей байланыста болады. Қазір екпенің бірінші кезеңін алған қонақ үй қызметкерлерінің саны 70 пайызға дейін жетті, - дейді Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы Марат Қабақов.
Бүгінгі таңда көшпелі вакцинация жүргізуге қаланың екі ірі қонақ үйлерінен өтінімдер келіп түскен.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елорданың санитарлық дәрігері карантиндік шараларды қатаңдату туралы қаулыға қол қойды
Келесі жаңалық
Өндірісті локализациялау келешегі талқыланды
Өзгелердің жаңалығы