ШҚО-да бизнес жұмысына кедергі келтірген 16 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО департаментінің басшысы Ерлан Жалмағамбет «Antikor Live» жобасында айтты.

Мемлекет басшысы басты бағыттардың бірі бизнесті қорғау мен қолдау екенін айтты. Қазіргі уақытта 333,4 млрд теңге бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы бизнес өкілдерімен 43 келісімшарт жасалды. 21 кәсіпкердің инвесторлық құқығы қорғалды. Қорытындылар бойынша 16 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 7-еуі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деді ол.

Жалмағамбет айтқандай, жол сапасы бойынша да біраз тексерулер жүргізілді.

Биылғы 6 айда 4 сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг органдары мен квазимемлекеттік субъектілерінде 7 сыртқы талдау жүргізілді. Қазіргі уақытта сыбайлас жемқорлықты жою мен бизнес процестерін жақсарту бойынша 186 талдау мен мониторинг ұсынымдар енгізілді, - деді Ерлан Жалмағамбет.

Оның айтуынша, Агенттік бастамасы бойынша ауылшаруашылығы саласындағы өндірушілер мен субсидиялар саласында кешенді сыбайлас жемқорлық бойынша талдау жүргізіліп жатыр.

Осы салада соңғы 5 жылдағы осы салаға қатысты барлық ақпрарат жинақталып, өңделіп жатыр. Сарапашылармен пікір алмасу жүргізіліп жатыр. Фермерлердің субсидия алуына ашықтықтың болмауы кедергі келтіреді. Қағазбастылықты жою қажет. Осы мәселелерді шешуді жүзеге асырып жатырмыз, - деді ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы