ШҚО-да банктен шыққан азаматтың 720 мың теңгесін қолды етті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ШҚО банк клиенттерін аңдыған қарақшылар ұсталды, деп хабарлайды aikyn.kz.
Олардың қатарында күндізгі уақытта 720 мың теңгесінен қағылған қала тұрғыны бар.
Бейнебақылау камералары арқылы қылмыскерлердің бұл «операцияны» қалай жүзеге асырғанын көруге болады. Олар маска мен бас киім киіп алған.
Ұрылар көлігімен Павлодар облысы арқылы елордаға жолға шығады.
Полиция оларды сол жерде ұстады. Күдіктілер 39 және 55 жастағы Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары болып шықты. Полицияның мәліметінше, ұрылар еліміз бойынша осындай қылмысқа барған.
Қарақшылар тонау уақыты мен орынды алдын ала жоспарлаған, олар бұл үшін адамдар көп әрі қарбалас жерлерді таңдағандарын мойындады. Ақша жәбірленушіге қайтарылды, алайда ұрылар оның бір бөлігін жұмсап үлгерген. Ұрылар өз кінәсін мойындады, Өскемен қаласының полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деді Өскемен қаласының Полиция басқармасының басшысы Андрей Мула.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
«Абу-Даби Плазада» вакцина алғандарға түрлі сыйлықтар таратылады
Келесі жаңалық
Жетісуда алаяқтар азаяр емес
Өзгелердің жаңалығы