ШҚО-да алыстағы мал қыстақтары су, жарықпен қамтылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ШҚО әкімі Даниал Ахметовтің тапсырмасымен осы мәселені жан-жақты пысықтайтын арнайы комиссия құрылды, деп хабарлайды Altaynews.

ШҚО-да шаруа қожалықтары алыс аудандарда мал жайып, өсіруден бас тартып жатқандықтан, билік осындай шешімге келген. Басты себеп – жайылымдарда әрдайым малды суаруға арналған құдықтардың тапшылығы. Осыған ретте комиссияға өңір үшін өзекті мәселені зерделеп, шешу жолын ұсыну тапсырылды.

Дегенмен аймақта жайылымдық жерлерден тапшылық көріп жүрген аудандар да бар. Олар – Аягөз, Ұлан, Жарма аудандары.

Біздің облыста жайылымдық жерлердің ауданы 19,9 млн. га құрайды, оның ішінде ауыл шаруашылығы қызметін жүргізу үшін 9,7 млн га берілген. 2017 жылдан бастап 105,1 мың га алқаптағы жерден агроқұрылымдар өз еркімен бас тартты, кейіннен олар халыққа берілді. Ағымдағы жылы елді мекендердің маңынан 28,4 мың га жерді алу жоспарлануда. Заңға сәйкес елді мекендер шегінде орналасқан жайылымдар аналық мал басын күтіп-бағу бойынша жергілікті халықтың мұқтажын қанағаттандыру үшін беріледі. Қамтамасыз етілмейтіндер шалғайдағы жайылымдарға ауыстырылуға тиіс, – деп атап өтті аймақ басшысы Даниал Ахметов. 

Айта кетейік, Шығыс Қазақстанда мал саны жыл сайын көбейіп келеді, сондықтан жайылымдық аймақтарды кеңейту және оларды қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мәселесі өзекті болып қала береді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы