ШҚО-да 77 ауыл және аудандық маңызы бар қала әкімі сайланады

Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Осы жылдың 25 шілдесінде облыстың 16 өңірінде аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, ауылдық округтердің 77 әкімі сайлауға түседі.

Бұл туралы Қала, аудан, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің сайлауын дайындау және өткізу туралы баяндаған Шығыс Қазақстан облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Жанар Алканова хабарлады. Оның айтуынша, Мемлекет басшысының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Жарлығымен аудандық маңызы бар қалалардың, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің сайлауының енгізілуі мен сайлау бюллетендерінің нысандарына «Бәріне қарсымын» деген жол енгізілген екен. 

Еліміздің заңына сәйкес аудандық маңызы бар қалалардың, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің кандидаттарын саяси партиялар өз мүшелерінің қатарынан, кандидаттың өзін-өзі ұсыну қарастырылған. Кандидаттарға Қазақстан Республикасының азаматы болу, жасы 25-тен асқан, барлық мемлекеттік қызметшілерге қойылатын жалпы талаптар сияқты талаптар қойылады. Сайлау 40 күн бұрын және әкімдердің өкілеттік мерзімі аяқталуынан 10 күн бұрын аяқталады. Сайлау науқанының мерзімі 30 күнді құрайды, - деді Жанар Алканова. 

Шығыс Қазақстан облыстық сайлау комиссиясымен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ШҚО филиалымен бірлесе отырып, аудандық маңызы бар қалалардың, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің сайлауын дайындау және өткізу бойынша облыстағы сайлау комиссияларының мүшелерін оқыту ұйымдастырылған.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1 бабына сәйкес аудандық маңызы бар қалалалық және Шығыс Қазақстан облысы аудандарының аумақтық сайлау комиссияларымен 2021 жылғы 25 шілдеде облыстың16 өңірінде аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, ауылдық округтердің 77 әкімін сайлау тағайындалған. Қалалық және аудандық аумақтық сайлау комиссияларымен аудандық маңызы бар қалалардың, ауыл, ауылдық округ әкімдерінің сайлауын дайындау және өткізу бойынша сайлау округтері құрылып, 2021 жылғы 25 шілдеге тағайындалған аудандық маңызы бар қалалардың, ауыл, ауылдық округ әкімдерінің сайлауын дайындау және өткізу бойынша негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарлары бекітілді. Кандидаттарды ұсыну процедурасы 2021 жылғы 26 маусымнан басталды. Сайлау туралы ақпарат тиісті аумақтық сайлау комиссияларының интернет-ресурстарында орналастырылады, - деп қосты төрағаның орынбасары.
 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы