ШҚО-да 1000 тонна пішен өртеніп кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстанның Бесқарағай ауданында 1000 тоннадан астам пішен өртеніп кетті, деп хабарлады Алтайньюс.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті 22 қазанда сағат 15.00 шамасында өрт шыққанын мәлімдеді.

Бесқарағайдағы Жандос ауылының іргесінде 1028 тонна пішен өртенді. Оқиға орнына шұғыл жеткен құтқарушылар мен орманшылар өртті  23 қазанда таңғы сағат он шамасында сөндіріп бітті. Жалын 788 шаршы метр аумақты шарпыған. ​ Өртті сөндіруге 8 адам және орман шаруашылығынан 2 автоцистерна, 8 қызметкер, 3 техника және 2 трактор жұмылдырылды, – деп хабарлады ШҚО ТЖД.

Мамандардың топшылауына қарағанда, шөпті жинаған кезде қауіпсіздік талаптарын сақтамағанның кесірінен өрт шыққан.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы