ШҚО-да 10 жасар қыз кір жуатын машинаға қамалып қалған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысында құтқарушылар кір жуғыш машинаның барабанында қамалып қалған 10 жасар қызды аман алып қалу үшін аппаратты бөлшектеуге мәжбүр болған, деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Белый камень ауылындағы тұрғын үйлердің бірінде 10 жасар қыз кір жуғыш машинаның барабанынан шыға алмай қалған. Құтқарушылар келген бойда кір жуғыш машинаны бөлшектеп, баланы шығарып алды. Қыздың тығылысықпақ ойнап, кір жуғыш машинада жасырын болғаны анықталды. Содан өз бетімен шыға алмаған, - делінген хабарламада.

Оқиға орнына келген жедел жәрдем дәрігерлері қызды тексеріп, оның зардап шекпегенін айтты.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы