ШҚО-да 10 спорт нысаны бой көтереді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ШҚО-да 2023-2025 жылдар аралығында 10 спорт нысанының құрылысы жоспарлануда. 

Бұл туралы Алтайньюс хабарлады.

Сондай-ақ спорт саласын дамыту мақсатында келесі жылдан бастап халықаралық деңгейдегі спорт консультанттарын тарта отырып, біздің жаттықтырушыларымызды оқытылатын болады.

Қазіргі уақытта да өңірде жетістіктер аз емес. Атап айтқанда, ағымдағы жылдың қазан айында Тайландта өткен әйелдер арасындағы Азия чемпионатында "Алтай" волейбол клубы 2004 жылдан бері алғаш рет жеңімпаз атанды.

Қысқы спорт түрлері бойынша біздің спортшылар дәстүрлі түрде құрмет тұғырының жоғары сатыларын ғана алады. Фристайл бойынша қысқы спорт түрлері бойынша Әлем чемпионатында Юлия Галышева күміс, Павел Колмаков және жас Анастасия Городко қола медаль жеңіп алды, – деді аймақ басшысы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы