Шіркеуде намаз оқыған мұсылман желіні шулатты
Вологдада «Николай Чудотворец» шіркеуінде намаз оқыған мұсылман діндарлар арасында қызу талқыға түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
URA.RU басылымының мәліметінше, Ресей Федерациясы Мұсылмандары Діни Басқармасының өкілі, Мәскеу мүфтиі Ильдар Аляутдинов бұл жағдайға діни тұрғыдан қарсылық жоқ екенін, егер дінбасылар қарсы болмаса, шіркеуде намаз оқу әбестік ретінде саналмайтынын айтқан.
Алайда журналист Марина Ахмедова мұндай әрекетті арандатушылық деп бағалап, шіркеу дінбасыларының оқиғадан таң қалғанын жеткізді:
Мұсылмандар ешқашан құлшылық ету үшін шіркеуге бармаған, ал христиандар мешітке кірмеген. Шіркеудегі намаз, мешіттегі кресттер басып алу әрекетінің нышаны. Өкініштісі, осындай арандатушылықтардың аясында жөні дұрыс мүфтидің табылмауы, – деп жазды ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Дмитрий Бивол жартылай ауыр салмақта абсолютті чемпион атанды
Келесі жаңалық
Қызылорда облысында жолдыр жабылды
Өзгелердің жаңалығы