Ширек ғасыр шырағы – Жамбыл облыстық мүгедектер қоғамы мерейтойын атап өтуде

Жамбыл облыстық мүгедектер қоғамы өздерінің мерейтойын атап өтуде, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

«Мүгедек жастар» қоғамдық бірлестігі өз қызметін 1997 жылы 16 қазанда бастады. Осы уақыт ішінде ол әлеуметтік саладағы қоғамдық бірлестіктер арасында көшбасшылардың біріне айналды, халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, спорт, туризм, білім және мәдениет салаларына қатысты түрлі жобаларды жүзеге асыруда үлкен тәжірибе жинақтады. Оның құрамындағы өңірдегім мүмкіндігі шектеулі адамдар өздерін басқа қырынан танытып жүр.

Осы ширек ғасырға жалғасқан қызметімізде біз 1000-нан астам іс-шара өткіздік, 60 ауқымды жобаны жүзеге асырдық, - дейді бірлестік жетекшісі Әйгерім Дәулетбаева.

Табысты қанатқақты жобалардың қатарына «Иппотерапия», «Жасыл ел күрескерлері» және «Жазғы сауықтыру лагері» сынды іс-шарларды да жатқызуға болады.

«Үміт» бірегей әлеуметтік жобасының арқасында тірек-қимыл аппараты бұзылған және жүйке-психикалық аурулары бар 350-ден астам тұрғын оңалтудан өткен. Ал «Жүректен жүрекке» жобасы аясында 11 мүмкіндігі шектеулі әйел дені сау сәбидің анасы атанды. «Нұр бала» әлеуметтік жобасының арқасында мектепте ерекше білім беруді қажет ететін 27 бала инклюзивті бағдарлама бойынша білім алып жатыр. «Мүгедек жастар» қоғамы құрылған жылдар ішінде ұйымның көмегімен 200-ден астам адам тұрақтыжұмысқа орналасты.

Көп балалы отбасыларға сондай-ақ мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған шаңырақтарға, соғыс ардагерлері мен зейнеткерлерге қайырымдылық көмек көрсету үшін демеушілер мен меценаттар іздейміз. Бізде өте тату ұжым бар, бұл – табысты жұмыстың кепілі. Бүгінде кәсіпорында 50 адам жұмыс істейді, оның 30-ы мүмкіндігі шектеулі жандар. Біздің кеңсе Тараз қаласының төріндегі «Мамыр» тоғайындағы «Асар» облыстық оңалту орталығының ғимаратында орналасқан. Күн сайын орталыққа әртүрлі топтағы 100-ге жуық мүгедек келіп, жан-жақты көмек көрсетіліп, көптеген қолдауға ие болады, – дейді  Дәулетбаева.

Өйткені Жамбыл облыстық мүгедек жастар қоғамы өткізетін іс-шараларды тамашалаған сайын бұл ұйымның ұжымы – пікірлес, жаны жайсаң, көкірегі ояу жандардан құралғана, қол ұшын беруге әрқашан дайын азаматтар екеніне көз жеткізесіз.

Біздің команда мұнымен тоқтап қалмайды. Алда әлеуметтік қорғау бағдарламаларының тиімділігі мен қолжетімділігін арттыруға және халықтың осал топтарын белсендіруге бағытталған жобаларды жүзеге асыру бойынша үлкен жоспарлар, қызықты идеялар бар. Бұлардың қатарында, атап айтқанда, жыл бойына иппотерапия сабақтарына арналған жабық аренаның, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған Қазақстандағы тұңғыш су орталығының құрылысы, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін тәуелсіз өмір сүру технологияларын қолданатын оқу-жаттығу пәтерлерінің ашылуы бар, – деп бөлісті Дәулетбаева.

«Ширек ғасыр шырағы» деп аталатын мерекелік шараның құрметті қонақтары ретінде «Оңтүстік» облыстық құрамасының әскери оркестрі, «Жас дәурен» үлгілі хореографиялық балалар ансамблі, «Жас дәурен» атты хореографиялық балалар ансамблі сондай-ақ «Мүгедектер» жастар қоғамы шақырылған. Тараз қалалық Оқушылар сарайының «Камер-тон» эстрадалық вокалдық студиясы да сахна төрінен табылып, өнер көрсетті.

2004-2020 жылдар аралығында қоғамның он жетекшісі, ал 1997-2004 жылдар аралығында негізін қалаушы және бірінші төрағасы Мұрат Әбдімәминов те осы қуанышты шараға атсалысып, ізгі ниетін жеткізді.

Әсел Мұратбекқызы

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы